«Бақытты бала»

Шектеулі әлемдегі шексіз өнер

Балалар жылы аясында «Өнерге ғашық жүрегім» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың кеші өтті.Өнерлі балалар мерекесін ұйымдастырған қалалық «Қазақ саңыраулар қоғамы» мәдениет үйі ұйымдастырды.

— Өнерге жақын бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі. Талантты балалардың шығармашылығын жетілдіруге арналған мұндай шараның берері көп. Жастайынан тағдырдың қатал сынына ұшыраса да, өмірін өнермен өрнектеп жүрген балалардың барлығы да нағыз талант иелері, — дейді қалалық «Қазақ саңыраулар қоғамы» мәдениет үйінің әдіскері Самал Байтұрова.

Қалалық Мәдениет үйінде өткен шара барысында облыстық есту және көру қабілетінде өзгерістер бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат колледжінің және «Аққу» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінің балалары өнер көрсетті.

Кедергісіз келешекті аңсайтын балаларға қолдау көрсетіп, демеушілік танытқан «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық ұйымының төрайымы Зинаида Телеушева және Ақтөбедегі әйелдерге арналған бірінші клубтың мүшесі Әсел Кереева шара барысында өнерлі өрендергежылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button