«Бақытты бала»

Ойыншықтар қауіпсіз бе?

Қазіргі заманғы нарықта балалар ойыншықтарының алуан түрі бар. Балаларға тек қызықты ғана емес, сонымен қатар оларға пайдалы болатын ойыншық таңдау оңай емес. Бұл ретте ойыншық баланың жасына сай әрі қауіпсіз болуы керек.

Қауіпсіз ойыншықты таңдаудың басты шарты — сатушыдан оның сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын тиісті сертификатты талап ету. Сертификаттың болуы ойыншықтардың зертханада зерттелгенін және химиялық, радиациялық, токсикологиялық тексеруден өткенін көрсетеді.

Әрбір ата-ана ойыншықтарды сатып алмас бұрын мұқият мән беру керек. Әсіресе ойыншықтардың таңбалануы көп жағдайда талапқа сәйкес келмейді. Таңбалауда ойыншықтың атауы, шығарылған ел атауы, өндірушінің аты мен орны, дайындаушының тауар белгісі (бар болса), ойыншықтың шикізаты, қандай жастағы балаға арналғандығы туралы пиктограмма, жарамдылық мерзімі, қажет болған жағдайда сақтау шарттары, ойыншықты қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, ескерту жадынамалары, ойыншықты күту тәсілдері (қажет болған жағдайда) болуы шарт.

Былтыр облыста зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша ойыншықтардың 52,6 пайызы талапқа сәйкес келмейтіні анықталды. Кәсіпкерлерге анықталған құқық бұзушылықтарды жою үшін 5 ұйғарым берілді. Зертханалық зерттеу нәтижесінде үш ойыншық сертификатының күші тоқтатылды.

Облыстық санитариялық-

                                                         эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button