Мәдениет
Көктем аруы

Шалқар ауданында «Көрікті көктем аруы» байқауы өтті.
Сары Батақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде болған қыз сынына 9-10 сынып оқушылары қатысты. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Онда қатысушылар өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салып, ұлттық киімдерден сән үлгісін көрсетті. Сонымен қатар ісмерлік қолөнері бағаланды. Байқау нәтижесінде жалпы білім беретін №5 мектептің оқушысы Айшолпан Аманжол бас жүлдеге ие болып «Көктем аруы» атанса, Ә.Жангелдин атындағы жалпы блім беретін мектептің оқушысы Мәдина Сырлыбаева 1-орын алды.
Байқауға қатысушыларға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
С.ЖҰБАНҒАЗИН.
Шалқар ауданы.