Ауыл

Көршілер сыйластығы

Бүгінде адамдар көршімен араласпақ түгілі, себепсіз есігін де түртпейтін болып алды. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін, Жағабұлақ ауылындағы «Жеңістің 40 жылдық» көшесінің тұрғындары көршімен араласудың заманауи дәстүрін қалыптастырып отыр.Олар «Көршілер біздің — «золотой» деп көше әніне салып, заманға сай трендтегі тематикалық форматта бас қосып, көршілер сыйластығын насихаттап жүр.

«Күйбең тіршіліктен қол босамайды дегенсылтаумен, туыс тұрмақ, іргелес көршінің үйіне кіруден де қалыппыз»деген көршілерәңгімелерін әріден бастады.

— Ортамызда алпыстан асқан бір әжеміз бар, қалғаны — орта жастағы келіншектер. Біздің ортамызда артық ауыз әңгімеге жол жоқ. Шағын отырысымызды есте қаларлықтай, қызықты өткізуге тырысамыз.
Көршімен сыйластық — елдің сыйластығына, көршімен татулық — қоғамның татулығына ұласады деп ойлаймын. «Көрші ақысы — Тәңір ақысы», «Көршіні Құдай қосады» дейді қазақ.Ислам діні де көршімен жарасымды сыйластықта болуға шақырады. Осы орайда балаларымызға көршілермен етене араласуды үлгі етіп, татулықты, ауызбіршілікті нығайту мақсатында әр айда бір рет осындай әдемі отырыс ұйымдастырамыз.
Жазылған заңдылық та, ереже де жоқ. Арамызда бары тек сыйластық қана, —
дейді Жұлдыз Құрантаева.

Оның сөзін сабақтаған тұрғындардыңбірі көрші болу бір көшеде тұрумен шектелмейтінін, той-садақаларда туыстан артық жүгіріп, тікесінен тік тұрып, қызмет атқарып, соғым сойылса, білек түріп, көмектесетін де көршілер екенінайтты.

Расында да бұл көшенің бойындағы үлкен-кішісі аралас көршілердің жарасымды сыйластығы көпке үлгі.

Айдана АЛТЫБАЕВА,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button