Денсаулық

Бүйрек ауруларын емдейді

Мемлекеттік бағдарлама

Өңірде кәсіпкерлікті қолдау бағытында түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Соның бір жарқын көрінісі ретінде  «Daru Nefros» жеке медициналық орталығын айтуға болады.

Бұл — «Дару клиникасы» медициналық оңалту орталығының арнайы бүйрек ауруларын емдейтін жеке медициналық мекемесі.

Жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамыныңоблыстық филиалының қолдауымен жүзеге асырылып, «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының «басым жобаларды несиелеу»  тетігі шеңберіндемемлекеттік қолдауға ие болды. Несие 14 пайызбен берілгенімен, оның 8 пайызын мемлекет субсидиялайды, ал қалған 6 пайызын кәсіпкер өзі төлейді. Банк операторы  —«Қазақстан Халық Банкі».

Заманауи технологиялармен жабдықталған клиникада инновациялық әдістер қолданылады, қызмет көрсету сапасы да еуропалық деңгейге сай. Мұндағы кадрлар да өз ісінің білікті мамандары. Клиникада Германия, Швейцария, Израиль, Чехия, Түркия, Корея елдерінің жетекші клиникаларында мамандандырылған тәжірибеден өткен дәрігерлер жұмыс жасайды.

 А. САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button