Білім

Оқуға құштар балалар

Балалар жылы

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияда «Оқуға тиісті 21 кітап» акциясы ұйымдастырылып жатыр.

Шара аясында оқушылар күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы каникулдар кезінде оқуы тиіс әдебиеттер тізімі (әр сыныптағы қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес) бекітілді.

Кітапты қызығушылықпен оқып жатқан оқушылардың арасында 3 «ә» сыныбының балалары да бар. Сынып жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Айнұр Есенқызының пікірінше, бастауышта білім беруді кітап оқуға дағдыландырумен ұштастыру маңызды.

«Оқуға құштар сынып» акциясы барысында аталған сыныптың оқушылары күзгі, қысқы демалыстарда Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін, Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» повесін және Сұлтан Қалиевтің өлеңдерін жарыса оқыды.

Жоба аясында Мұхтар Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесі бойынша шара өтті. Әңгіме желісі негізінде көрініс қойылды. Балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Мектеп кітапханашысы Несібелі Аликулова кітап көрмесін ұйымдастырды.

А.ТАКЕНОВА,

әл-Фараби атындағы

№21 мамандандырылған гимназияның мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button