Білім

Ананың өнегесі — қызының бақыты

Ақтөбе қаласындағы №69 орта мектепте өткен байқау осылай аталды.

Мақсат — қыз балаға ананың үлгісін дарыту, асүй мәдениетін қалыптастыруға үйрету.

Байқауға қатысқан анасы мен қызы өздерін таныстырып, «Берекелі дастарқан» кезеңінде үйден әзірлеп әкелген ас мәзірінің пайдасы мен құнарлылығы туралы баяндады. Сондай-ақ қыз балалар жас ерекшеліктеріне қарай жеңіл ас дайындау, дәруменді салат әзірлеу, еттің нанын жаю сынды асүй жұмыстарын жасады.

Аналарымен бірге ерекше өнерлерін көрсеткен мектеп оқушылары Фирдаус Ерболатқызы, Әмина Өтеп, Айдана Жұматай, Меруерт Серік, Диляра Жұмағали «Бақытты анасы мен қызы», «Икемді анасы мен қызы», «Ақылды анасы мен қызы», «Шебер анасы мен қызы», «Ізетті анасы мен қызы» секілді аталымдарды иеленді. Аналардың осындай өнегелі істері қыздарына үлгі болатыны сөзсіз.

Гүлжайнар АЛАШБАЕВА,

№69 орта мектеп

директорының орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button