Денсаулық

Індеттен қорғанудың жалғыз жолы

Вакцинация — жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді және баламасы жоқ әдісі. Бастысы — қай кезде қандай екпелерді салу керек екендігін білу.
Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына арналған міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн. Балаларға отандық және шетелдік вакциналарды салуға болады.
Бастысы тіркелген және ұлттық сараптама орталығының сертификаты берілген болуға тиіс. Екпені медициналық мекемелердің арнаулы кабинеттерінде жүргізген абзал, себебі вакциналарды сақтаудың өзіндік талаптары мен ережелері бар. Вакцина алғаннан кейін қызу көтеріліп, екпе салған орын ауыруы мүмкін. Балалар ұзақ жылап, тәбеті төмендеп кететін кездер де болады. Сондықтан екпе алғаннан кейін кемінде 30 минут дәрігердің бақылауында болған жөн.
Көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егу жүргізгеннен кейін баланың қызуы көтеріліп кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл дәрінің әсер етіп жатқанын білдіреді.
Вакцинацияға қатысты толық мәліметті еgu.kz сайтынан біле аласыздар.

Жанар БҰХАРБАЕВА,
№1 қалалық емхананың дәрігер-иммунологі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button