«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауы 

Біздің Әйке

«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл»

Ғасырға жуық тарихы бар «Ақтөбе» газетінің Әйке ауылының тұрғындары үшін орны бөлек. Басылымның әр нөмірін үзбей оқып, асыға күтіп отырамыз. «Ақтөбенің» қаңтардағы нөмірлерінің бірін парақтап отырғам, көзім газеттің соңғы бетіндегі хабарландыруға түсіп кетті. Облыстық газет бірнеше байқау жариялапты. Соның бірі — «Біздің ауыл» байқауы.

Бұл байқауға жіберген мақалада ауылдың тыныс-тіршілігі, беткеұстар азаматтары, еңбек адамдары мен дарынды балалары, тіпті ауылдағы тарихи-мәдени ескерткіштеріміз туралы айтуға болады екен. Біздің Әйкеде де бұл байқауға лайықты шаруалар тындырылып жатыр. Ауылымыз еңсесін көтеріп, көркейіп келеді. Биыл ауылдағы бірнеше көше жөнделіп, спорт кешені мен балалар алаңы салынады. Ауылдағы балабақша мен клуб күрделі жөндеуден өтеді. Барлығы тұрғындар игілігі үшін жасалып жатыр. Әйкеде демеуші азаматтардың көмегімен де ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылуда. Осы ретте ауыл тұрғындарына 8 вагон көмірді арзан бағада жеткізіп берген «Бенқала Тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамының бас директоры Бекболат Ақжоловқа алғыс білдіргіміз келеді. Осы уақытқа дейін Қаражыра көмірін ауыл тұрғындары 28-30 мың теңгеге сатып алып келген. Бұл жолы 15 мың теңгеден алды. Тұрғындар үшін жеңілдік болғаны рас. Ел азаматына облыстың бас газеті арқылы ауыл тұрғындары атынан алғысымызды жеткізгіміз келеді.

Нұрдәулет СМАҒҰЛОВ,

Әйке ауылы,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button