«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл» байқауы Байқау

Қуан ата құдығына келіңіз!

«Ақтөбе» газетін оқитын үздік ауыл»

«Ақтөбе» газеті — Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары үшін орны бөлек басылым. Өңірдің айнасына айналған газет ауылдың әрбір тұрғыны үшін ыстық. Әр санын асыға күтеміз. Ауылдағы негізгі мектеп ұжымы биыл да «Ақтөбе» газетіне 100 пайыз жазылды. Кітапханашы Айдын Айбасов тұрғындарға газетті уақтылы таратып береді. Кітапхана қорында «Ақтөбе» газетінің бірнеше жылдық нөмірлері сақталған. Қажет болған жағдайда газетте жарық көрген мақалаларды жұмыс барысында пайдаланамыз. Жуырда сүйікті газетіміз «Ақтөбе» газетін үздік оқитын ауыл» атты байқау жариялапты. Байқауға қатысып, бақ сынап көргенді жөн санадық.

Қаркөл ауылдық округіне қарайтын Жаңатұрмыс ауылы аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл — атақты ағайынды Жұбановтардың кіндік қаны тамған жер. Осыдан-ақ ауылдың тарихы тереңде жатқанын түсінуге болады. Тарихи орындар да өте көп. Соның бірі  — ауылдағы Қуан ата құдығы. Бұл құдықты ағайынды Жұбановтардың әкесі Қуан ХІХ ғасырдың ортасында өз қолымен қазған екен. Тереңдігі — 10 метр. Ауыл тұрғындары әлі күнге дейін сол құдықтан су алып отыр. Ауылға экскурсияға келген адамдар құдық суының емдік қасиеті бар екенін айтып, жақсы ниетпен су алып кетеді.

Ал жыл сайынауылғаЖұбанов ұрпақтарының келіп кездесу өткізуі дәстүрге айналды.

Мейірбек БАЙҒАЗЫ,

Жаңатұрмыс ауылы,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button