Білім

Ұлттық тәрбие негізі — балабақшада

Ақтөбе қаласындағы №34 «Таңшолпан» балабақшасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларды ұлттық рухта тәрбиелейтін «Жеті ойыншық» кабинеті ашылды.

Аталған кабинет ұлттық стильде жабдықталған. Мұндағы қазақтың ұлттық ойыншықтары балалардың зеректігін, тез ойлау қабілетін, танымы мен шығармашылығын дамытуға оң әсер етеді.

Сондай-ақ балабақшада ұлттық-танымдық музей де бар. Бұл музей қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу, ұлттық құндылықтарымызды бағалау мақсатында ашылды. Бөлмеге ұлттық жәдігерлер, күмістен жасалған ескі әшекей бұйымдар, қолөнер бұйымдары және түрлі кітаптар қойылған. Балабақша тәрбиеленушілеріне үнемі осы бөлмеде тәрбие сағаттары өткізіліп,  халқымыздың ұлттық өнері, әдет-ғұрпы туралы мағлұматтар беріледі.

№34 «Таңшолпан» балабақшасы 2009 жылы ашылды. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі 13 топ бар, онда 370 бала тәрбиеленуде. Жоғары білімді, жан-жақты 38 педагог қызмет етеді.

Елімізде биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен «Балалар жылы» жарияланғаны да қуантарлық жайт. Өйткені бүгінгі балғын бала — ертеңгі жарқын болашақ.

Жарқын МҰХАНОВА,

№34 «Таңшолпан»

 балабақшасының тәрбиешісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button