Пікір

Көптеген сала күрделі реформаны қажет етеді

Мемлекет басшысының кешегі телеарнаға берген сұхбаты тағы да көп нәрсені тереңірек түсінуге көмектесті. Жас, қуатты әрі біртұтас Қазақстанның ендігі бағытын айқындады.
Тарих біздің іргетасымыз және оған құрметпен қарау керек. Қаңтар айында болған оқиғалар әлеуметтік-саяси және экономикалық саланың қандай аспектілеріне назар аудару керектігін көрсетті. Көптеген салалар күрделі реформаны қажет етеді. Алайда әр саланың басқа салалармен байланысы бар екенін есте ұстаған жөн.
Әрине, көп нәрсе өзімізге байланысты. Менің ойымша, біз Президент айтқан ұсыныстарды толығымен қолдауымыз керек. Мемлекет басшысының сөзі мен ісінің үйлесімділігі, қаңтардағы оқиғалардан кейін елдегі жағдайдың тез тұрақталуына септігін тигізді.
Президент сұхбаты азаматтарды осы сәтте толғандырып жүрген мәселелерді қамтыды. Түрлі бағыттар бойынша өз ұстанымын нақты айтты.
Біз оның әр сөзіне үлкен сеніммен қараймыз!

Шамиль САРИНОВ,
еңбек ардагері.
Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button