Пікір

Басты мақсатымыз — баянды тірлік

Нәзира ТАБЫЛДИНОВА,

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісі отырысындағы жаңа ұсыныстары кәсіподақ жетекшілері үшін де ерекше маңызды.

Біз, еліміздің кәсіподақтары, елдің тұрақты дамуының, әлеуметтік тұрақтылық пен қатардағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің, яғни еңбек адамдарының құқықтарын тиімді әрі жүйелі қорғаудың кепілі ретінде Президент бастамаларын толық  қолдаймыз.

Әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту және жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлердің құқықтарын бұзуға жол бермеу үшін барлық күш-жігеріміз бен білімімізді жұмсаймыз. Президенттің мәдениет, спорт және білім беру саласын дамытуға тағы да ерекше көңіл бөлгені — біз үшін өте қуанышты жағдай. Өйткені кезкелген ел өнерімен, мәдениетімен, спорттағы жетістіктерімен танылып, бағаланатыны анық. Жылдар бойы жинақталған әлеуметтік-экономикалық проблемалар жақын болашақта өз шешімін табатынына сенімдіміз.

Бүгінде ел Президенті қабылдап жатқан және оларды шешуге бағытталған барлық кешенді шаралар мен реформалар қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартып, оң өзгерістер болатындығын айғақтайды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button