Білім

Цифрлық сауаттылық — заман талабы

Бүгінгі таңда білім беру жүйесі негізгі үш бағытты —  білім беру үдерісін, білім беру контентін, білім саласын басқаруды цифрландыру бойынша жүргізілуде.

Елімізде мектептегі білім беру жүйесі цифрландырылып, барлық пәндер бұлтты технологияға біртіндеп көшірілуде. Әр ізденушіге икемді онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар, үздік педагогтердің интерактивті сабақтары орналасқан порталдар да жұмыс істеп тұр. Оқушылар үй тапсырмаларын онлайн режимінде орындай алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстырылатын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде цифрлық инфрақұрылым білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан білім беру ұйымдарында ІТ-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстары іске асырылуда. Сондай-ақ заманауи білім берудің негізгі бағыттарының бірі — әлеуметтік желілерді білім беру ресурстары ретінде пайдалану және шеберлік сабақтарын өткізу, тренингтер. Желілік технологияларды қолдану — икемділік, ұтқырлық, сондай-ақ бұл өндіріс өнімділігін арттырады.

Білім жүйесін цифрландыру осы саладағы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, оқу-тәрбие процесін жеделдетуге және жеңілдетуге, оқушылар мен ұстаздардың, ата-аналардың жүктемесін азайтуға көмектеседі. Ең бастысы, цифрландыру білім беру сапасын арттырады. Қазақтың балалары халықаралық деңгейде түрлі салада бәсекеге қабілетті болуға тиіс.

Гүлсім ШАҢҒЫТБАЕВА,

І.Есенберлин атындағы №15 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button