Пікір

Реформаларды қолдауға дайынбыз!

Алтынбек ӘМІРҒАЛИЕВ,

 облыстық кәсіподақтар орталығы

аумақтық бірлестігінің төрағасы:

— Ел Президенті Қ.Тоқаев Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесінде елдегі жағдайға толық сараптама жасады. Кәсіподақ өкілдері ретінде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ауқымды реформаларды қолдауға дайынбыз. Әлеуметтік кодексті әзірлеуге өз тарапымыздан атсалысамыз.Қарапайым еңбек адамдарының табысын жақсарту,жалақысын арттыруға арналған барлық мүмкіндік Әлеуметтік кодексте қарастырылады.

Биылғы жылды ҚР Кәсіподақтар Федерациясы «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялап, үшжақты келісім аясында еңбек адамының өмір сүру сапасы мен жағдайын жасартуға бағытталған Президент көтерген бастамаларды нақты іске асырмақ.

Біз облыстағы мұнай сервистік компаниялар мен ірі өндірістік кәсіпорындарда  еңбек ететін жұмысшылардың еңбек құқығының қорғалуы аясында көптеген кездесуге қатысып,олардың жалақыны көтеруге қатысты талаптарын шешуге мейлінше атсалысып,ашық диалог орнатуға араласып келеміз. Сондай-ақ әлеуметтік әріптестік аясында жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізіп, еңбеккерлердің жағдайын жақсарту жайын қарастырып жатырмыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button