Жаңалықтар

Өңірде «омикрон» штамы тіркелген жоқ

Облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Өңір «жасыл» аймақтар қатарында. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша 19 жағдай тіркеліп отыр. Олардың қатарында «омикрон» штамы жоқ.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетованың айтуынша, қазіргі таңда облыс бойынша үй карантиніне 182 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

— Қазір өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Инфекция жұқтырғандар ем алуда. Бүгінгі күні әлемде «омикро»н штамымен ауырған науқастар саны күрт артып барады. Шетелдерде ауруханаларда орын жоқ, ПТР-тест жетіспей жатыр. Біздің облыста коронавирустың бұл штамы тіркелген жоқ. Дегенмен қауіптің алдын алу үшін біз тұрғындарды көпшілік жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетперде тағып жүруге шақырамыз, — дейді ол.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Back to top button