Жаңалықтар

Коменданттық сағаттың уақыты өзгерді

Төтенше жағдай кезінде тәулік бойы қызметте жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдағы тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр. Облыстағы жағдай толықтай полиция бақылауында.

Облыстағы жағдайдыоблыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов баяндап берді.

— 9 қаңтарда коменданттық сағатты бұзғаны үшін полиция бөлімдеріне 169 азамат жеткізілді, оның 149-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта 3 адам қамауға алынды, 4 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қарастырылып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ақтөбе қаласының және аудан орталықтарының шығаберісінде барлығы 10 блок-бекет, яғни үшеуі — Ақтөбе қаласында, қалғандары аудандарда орнатылды. Блок-бекеттерде полиция қызметкерлері мен Қорғаныс министрлігінің әскерилері тәулік бойы қызмет атқаруда, олар жолда кетіп бара жатқан автокөліктерді тоқтатып, тексереді, — дейді Ерболат Сарқұлов. Сондай-ақ ол Ақтөбе қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық әкімшілік ғимаратының алдында 14 полиция қызметкері жарақаттанғанын, бүгінде екі қызметкер ауруханада ем алып жатқанын айтты.

Ақтөбе облысы комендатурасының мәлімдеуінше, коменданттық сағаттың уақыты 23.00-ден таңғы сағат 7.00-ге дейін өзгерді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button