Жаңалықтар

Call-орталық: 1432

Ақтөбелік кәсіпкерлерден «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының call-орталығына 20-ға жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы кеше аталған кәсіпкерлік палатасының сарапшысы Рахат Тәжібаев журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.
— 5-9 қаңтар аралығында өңіріміздегі бизнес субъектілерінен 19 қоңырау келіп түсті. Кәсіпкерлердің негізгі мәселесі — интернеттің жоқтығы. Бұл жалпы бизнестің жұмысын қиындатып отыр. Сондай-ақ форс-мажор жағдайының басталуы туралы куәлікті алу, шекара маңындағы облыстарға блок-бекеттер арқылы өту, коменданттық сағат кезінде жедел жеткізу қызметтері, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көтеру, интернеттің болмауына байланысты несиелерді төлеу, тұрғындардың өзге де мәселелері бойынша көптеген қоңыраулар түсуде.
Бізде өзге облыстардағыдай мародерлық-вандализмдік фактілер тіркелген жоқ. Сондықтан келтірілген шығындарды анықтау мүмкін емес, — дейді Рахат Тәжібаев.
Айта кетейік, бүгінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Өтініштерді қабылдауға арналған call-орталық нөмірі: 1432, сондай-ақ
+7(7132)744-607, 87017848582, 87025678011, 87017533093, +77777601142, 87024017668 нөмірлеріне хабарласуға болады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізу, құқықтар мен мүдделерді қорғаудың барлық мәселелері бойынша өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет.
Өңірімізде орта және шағын кәсіпкерлік ғимараттарының ешбірі зардап шеккен жоқ.
10 қаңтардағы дерек бойынша елімізде бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 93,7 млрд теңгеден асты.
Байланыс орталығына 2774 қоңырау түскен. Республикамыздың 9 өңірінде 1 319 зардап шеккен бизнес субъекті анықталып отыр. Оның басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button