Жаңалықтар

«Қазпошта» бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Ақтөбе облысы аумағында «Қазпошта» акционерлік қоғамының 33 банкоматы орналасқан. Олардың жетеуі — облыс орталығында. 9 қаңтардан бастап «Қазпоштаның» бөлімшелері жұмыс істеп тұр. Бұл туралы бізге «Қазпошта» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы директорының бизнес жөніндегі орынбасары Еркебұлан Мұстафин айтты.

— Интернетсіз жұмыс істеуге қатысты техникалық шаралар жасалып жатыр. 9 қаңтардан бастап «Қазпошта» бөлімшелері таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін штаттық режимде жұмыс жасауға кірісті. Қазіргі таңда біздің картаны пайдаланушылар «Қазпоштаның» кез келген бөлімшесіне барып, банкоматтан ақшаларын ала алады, — дейді Еркебұлан Мұстафин.

Оның айтуынша, «Қазпошта» картасын пайдаланушылар «Халық банкі» банкоматтарынан 100 мың теңгеге дейін ақша алуларына болады.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button