Жаңалықтар

50-ден астам адам медициналық көмек алған

Ақтөбе қаласында болған тәртіпсіздіктер салдарынан 14 полицей зардап шеккен. Оның екеуі бүгінде ауруханада жатыр.

Жедел жәрдем медициналық ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапановтың айтуынша, аталған ауруханаға медициналық көмек алуға 50-ден астам адам жүгінген. Оның 15-і ауруханаға жатқызылған. Олардың қатарында әскерилер мен полиция қызметкерлері бар.

Ауруханаға түскендердің жағдайы бірқалыпты. Ауыр жарақат алғандарға дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетілді. Олардың бірқатары ем алып, ауруханадан шықты, — дейді С.Қапанов.

Айта кету керек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тәртіпсіздіктер кезінде денсаулығына зақым келген азаматтар туралы облыс бойынша нақты ақпарат жоқ екендігін жеткізді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button