Әдебиет

Ақынның өлеңдері оқылды

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерекесіне орай «Ақтөбе Медиа» ЖШС өкілдері қаладағы «Білім» мектеп-гимназиясында болып, оқушылармен кездесті.

Мектеп ұйымдастырған «Поэзия саңлағы —  Мұқағали» атты әдеби кеште ақын, Жазушылар одағының мүшесі Жақсылық Айжанов Мұқағалиды көргенін және ол  туралы естеліктерді айтып берді.

Ақындар көп, бірақ Мұқағали бір төбе еді. Оның ерекшелігі сол — қасына жастарды жинап жүретін. Алматыда оқыған студент кезімізде Мұқаңның жанынан табылатынбыз. Оның өлеңдері өміршең болды, — деген Жақсылық Айжанов Мұқағалиға арнаған өлеңдерін оқыды.

Әдеби кеште ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды. Оқушылармен сұхбаттасып, олардың қойған сұрақтарына жауап берген Жақсылық Айжанов өзінің ақындық жолға қалай келгенін, өмірбаянын әңгімеледі.

Кеш соңында әдеби кешке белсене атсалысқан ұстаздар мен оқушылар «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншиннің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ медиадан шығатын газеттер мен журналдар таратылды.

Мектеп директоры Айгүл Арынғазиева білім ордасындағы шарада оқушылармен рухани байланыс жасаған газет қызметкерлеріне алғысын айтты.

 С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button