Денсаулық

ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады?

Ақтөбе облысы бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазан – 1 желтоқсан аралығында ЖРВИ-нің 3142 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1044 жағдай. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 1,5 есеге төмендегені байқалды (өткен жылы ЖРВИ-нің 4773 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2404 жағдайы тіркелді.

Ал 14 адамнан А типті тұмау анықталды. Олардың қатарынада 14 жасқа дейінгі балалармен қатар, жүкті әйелдер де бар. Ауырғандардың ешқайсысы тұмауға қарсы вакцинация алмаған.
Бүгінгі таңда тұмаудың алдын алудың ең тиімді және ғылыми негізделген әдісі — вакцинация. Тұмауға қарсы иммунитетті уақытылы қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылы облыс бойынша тұмауға қарсы 169 855 адам егілді, бұл облыс халқының жалпы санының 19,5% – ын құрайды. Иммунизациядан кейін қолайсыз көріністер байқалмады.
Тұрғындарға таза ауада көбіреу жүріп, гигиена сақтауға, науқас адаммен сөйлескен уақытта медициналық маска тағуға, пәтер мен жұмыс үй-жайын жүйелі түрде желдетуге, эпидемиялық маусым кезеңінде мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуға кеңес береміз. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және ағзаны шынықтыру, С витаминіне бай тағамдарды жеудің де сізге еш зияны болмайды. Ал егер өзіңізді қолайсыз сезінсеңіз міндетті түрде емханаға барыңыз.

Мұрат МИРМАНОВ,
Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті
Инфекциялық және паразиттік ауруларды
эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button