Денсаулық

Скандинавия жүрісі салауаттылыққа үндейді

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалы  мен облыстық спорт және денешынықтыру басқармасыел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап, ересектер арасында күзгі скандинавиялық марафон ұйымдастырды.

Тұрғындарды салауаттылыққа үндеп, жас ұрпаққа үлгі көрсету мақсатында ұйымдастырылған марафонға жасы елуден асқан үлкен кісілер қатысты. Негізі, скандинавиялық жүріс кез келген жастағы адамға пайдалы.

— Көптеген зерттеулерге сүйенсек, скандинавиялық жүріс дәстүрлі жүру мен жүгіруден гөрі тиімдірек, бұлшық еттерге оң әсер етіп, буындарды қатайтады екен. Сондықтан да әлемнің көптеген клиникаларында тірек-қимыл жүйесі ауыратын науқастар үшін мұндай жүріс оңалту шараларына енгізілген.  Скандинавиялық жүріс техникасы — екі таяқтың көмегімен аяңдау. Омыртқа мен буындарға салмақ түсірмей, кейбір бұлшық ет тобын қозғайды, — дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Аймира Құмарова.

Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының облыстық филиалы  барлық қатысушыларға естелікке 80 термос, 10 торт, «Посейдон» бассейніне, «Зере» санаторийіне сертификаттар табыстады. Сондай-ақ облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы 80 қатысушыға  белсенділігі үшін медаль тақты.

Ұйымдастырушылар марафонды жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдырмақшы.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button