Жаңалықтар

Кітап оқу марафоны

№49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ағартушы, педагог-ғалым Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай мұғалімдер арасында «Кітап — білім бұлағы» атты кітап оқу марафонын ұйымдастырды.

Кешті бастаған балабақша меңгерушісі Дина Жаулыбаева Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының маңыздылығына тоқталды. Қазақ тілі мұғалімі А.Орынбасарова Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, сөздік қорын дамытуға әсері мол екендігін айтты.

«Күнбағыс» ересек орыс тобының тәрбиешісі И.Назарова өз тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс соңында кітап оқу жеребесі таратылып, әр мұғалім қолына тиген кітапты бір күн ішінде оқып, келесі әріптесіне кітаптан түйген ойын, алған әсерін баяндайтын болып келісті.

Отырыстан құнды мәлімет алып тараған педагогтер зор ынтамен рухани білім ізденісіне бет алды.

Ақалтын ОРЫНБАСАРОВА,

№49 «Думан» бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button