Ауыл

Ерінбейтін етікші

Етікші Абдуалидің есімін Қайыңды ауылының тұрғындары жақсы біледі. Ол мүгедектігіне қарамастан, жастайынан еңбекке етене араласты.

Әсіресе күз-қыс маусымында етікшінің қызметіне жүгінетіндердің қарасы көп. Оның үстіне табаны жұқарып, жарылған, тұмсығы ашылған, ысырмасы сынып кеткен аяқкиімдер етікшінің қолына түссе, қайта пайдалануға жарайтыны анық. Ауылдастарына осындай қызмет көрсететін шебер Абдуали Бахраддинкөптің көңілінен шығып жүр.

1997 жылы қыстың қатты боранында далада қалып, екі аяғынан айырылған ол сол жылдары өте ауыр болғанын айтады. Дегенмен Абдуали Бахраддин тағдырдың жазғанына қасқая қарсы тұрып, рухын түсірмеуге тырысты.

— Бұл жағдайға көпке дейін көндіге алмай, ауыр соққы алдым. Бірақтағдыросылайжазылса, не шара?! Өзегімдіөртшалсада, басқасалғанынаамалсызкөндім. Әйтсе де бұған бола бордайүгілмеукеректігінтүсініп, жігерімідіжанып, намысымдықамшылауғатырыстым. Арбағатаңылсам да, көштенқалып, көптенбөлінбеуді ойлап, етіктігуменайналысабастадым. Көрсететінқызметімніңақысыкөпшілікүшінқолжетімдіболды. Атқарғанжұмысымаауылдастарымүнеміризашылықтарынбілдіріпотырады. Бұрынкөлікжүргізушісіболыпжұмысжасағанедім. Бүгіндезейнеткерлікжасқажеттім,— дейдіетікшіАбдуалиБахраддин.Жұмыстың оңайы болмайды. Етік тігудің өз ерекшелігі мен қиындықтары болады. Бір затқа үңіліп отырып, әр тігісін жатық етіп тігу үлкен шыдамдылық пеншеберлікті талап ететіні сөзсіз.

«Шыдамдыны мына өмір ұнатады» деп Мұқағали жырлағандай, бар қиындыққа үлкен шыдаммен, сабырлық танытып, рухын биік ұстап жүрген етікші Абдуалидің отбасы, бала-шағасының қамынжеп, ешкімніңалдынақолын жайып бармай, ерінбей еңбек етіп жүргені көпке үлгі.

А.МАНАСБАЕВА,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button