Жаңалықтар

Тұрақты жұмыс орындарын ашуға көңіл бөлінуде

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыстары талқыланды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуы оң нәтиже беріп жатқанын айтты.

Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 32,3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны, оның ішінде 15,6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен осы жылдың қорытындысы бойынша 53 477 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды топтастыру жоспарланып отыр, бүгінде жоспар 87% орындалып, 46 558 адам есепке алынды. Атап айтқанда, 2 мыңнан аса адам техникалық және кәсіби, соның ішінде қысқа мерзімді оқуға жіберілді. «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін

1498 адам оқып, тағы 1255 адам бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 695,4 миллион теңгеге қайтарымсыз грант алды», — деді Асланбек Шүйіншалиев.

Жиын соңында облыс әкімі халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде облыс басшысы аудандарда тұрақты жұмыс орындарын көбірек ашуға ықпал етуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button