Жаңалықтар

Арнайы техникалар қысқа дайын ба?

Ақтөбе облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторымен және «Қазақавтожол» ЖШС мердігерлік ұйымымен бірлесіп, «Қазақавтожол» ЖШС-на тиесілі арнайы қар тазалау техникасына тексеру жүргізіп жатыр.

«Республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауын жоюға қызмет атқаратын арнайы көліктер дайындығын алдын ала тексеру туралы шешім қабылданды», —  деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бөлім бастығы Еркін Өтеген. Zoom арқылы өткізілген онлайн бейнеконференциясы аясында  «Қазақавтожол» ЖШС филиалының аудандық бөлімшесінің арнайы техникалары да тексерілді.

Сонымен қатар жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін жыл  басынан бастап 231 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, жол қызметтеріне көктайғаққа қарсы материалдарды және арнайы техниканың санын арттыру бойынша ұсынымдар жолданды, — деді Е.Өтеген.

Жергілікті атқарушы органдарға қосымша мердігер ұйымдардың қысқы кезеңге дайындығы туралы ақпарат жолданды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғалары фактілерін болдырмау мақсатында көлік құралдарының жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерінің негізгі талаптарын сақтауды, ауа райы және метеорологиялық жағдайларды, жүріс бөлігінің жай-күйін ескеруді және жолда қырағы болуды сұрайды.

М.ТАБЫН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button