Басты жаңалықтар

Екі айлық басталғалы 8 мыңдай тал егілді

«Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру бойынша екі айлықтың барысы қаралды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Экологиялық екі айлық аясында елді мекендердің аумағын санитарлық тазарту, тал егу, рұқсатсыз төгілген қоқыстарды жою және т.б. жұмыстар жүргізілуде.
8 қыркүйек пен 17 қазан аралығында облыс аудандарында — 6, Ақтөбе қаласында 3 сенбілік өтті. Оған апта сайын орташа алғанда 14,9 мың тұрғын қатысты. Нәтижесінде қоқыс жиналған 679 орын, бейберекет шашылған 428 қоқыс үйіндісінің көзі жойылды.  7720 көшет егілді, оның 3,5 мыңнан астамы — Ақтөбе қаласында.
Санитарлық нормаларды бұзушыларды анықтау жұмыстары күшейтілді. Мыңға жуық жеке және заңды тұлғаға заңбұзушылықты жою туралы нұсқама беріліп, 145 заңбұзушыға жалпы сомасы 3,4 млн теңгеге айыппұл салынды.
Облыс әкімі барлық бағыттағы жұмысты күшейтуді, көгалдандыру мен көшеттердің күтіміне ерекше назар аударуды тапсырды. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button