Ресми

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы 2021 жылғы                       22 қазанда сағат 10.00-ге шақырылсын.

Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:

  1. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №574 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Хабарламашы: Г.Р.Сүйінтаева — экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы

  1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №349 «Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Н.С. Алдияров — құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

  1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 2 тамыздағы №455 «Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Е.М. Мұздыбаев — энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы

  1. Басқа сұрақтар.

 Облыстық мәслихаттың хатшысы А.НҰҒМАНОВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button