Жаңалықтар

Мектепке дезинсекциялық шара жүргізуге кім рұқсат берді?

Әлеуметтік желі мен БАҚ құралдарында Ақтөбе қаласындағы №9 мектеп- гимназияда сабақ уақытында дезинсекциялық шара жүргізілгені туралы хабарламалар жарияланған болатын.

Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі аталған мекеменің мектепке шіркейге қарсы дезинсекциялық іс-шара жүргізу жөнінде ұйғарым берілмегенін хабарлады.

«Қазіргі таңда оқушылар арасында улану жағдайы бойынша шұғыл хабарлама түскен жоқ. Алдын ала ақпаратқа сәйкес жоспардан тыс дезинсекциялық жұмыстар  мектептің жертөлесінде сабақ уақытында шіркейге қарсы жүргізілген.

ҚР ДСМ 2018 жылғы 28 тамыздағы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және  жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» бұйрығының 141-тармағына сәйкес өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді.

Осы жағдайға қатысты тиісті  шаралар қабылданады, нәтижесі бойынша қосымша хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

М.РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button