Жастар

Жағалау қоқыстан тазартылды

Ақтөбелік жастар «Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында «Эко» акциясын өткізді. Қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шара барысында Ақтөбе су қоймасының жағалауы қоқыстан тазартылды.

— Қала аумағын қоқыстан тазартуға бағытталған шараларды сәуір айынан бастап өткізіп келеміз.  Жаз бойы біз ұйымдастырған акцияға жүздеген ақтөбелік жас өз үлесін қосты. Бұл жолғы «Эко» акциясына қатысқан «Болашақ» колледжінің оқушыларына рақмет айтамыз. Қаламызды таза ұстау — барлығымыздың ортақ міндетіміз. Акция кезінде Ақтөбе су қоймасының жағалауын тазарттық. Өкінішке қарай, бұл ең көп ластанатын орындардың бірі. Өйткені тұрғындардың көпшілігі су жағалауына тынығуға келіп, қоқыс шашып кетеді. Сондықтан сенбілік барысында бұл аймаққа жиі келеміз, — дейді қалалық жастар ресурстық орталығының маманы Ақбаян Әбішева.

Тазалық мәдениетін және табиғатқа ұқыпты қарауды жақсартуға бағытталған шара барысында  «Болашақтың» жастары 20 қаптан астам қоқыс жинады.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button