Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28.09.2021 ж. №37 қаулысына түсіндіру

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылғы 28 қыркүйегіндегі №ПГГСВ-37 Қаулысы  шықты.

ПГГСВ-37 қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын діни объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуге толтырылуы 20%-дан аспаған кезде рұқсат етіледі.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу- «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 50%-дан асырмай жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

               «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды- толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

              Көрмелер- «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 70%-дан асырмай, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

              Марафондар (ашық ауада)- «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 500 адамнан аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button