Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ  БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

28.09.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

««Ақтөбе облысының тұрғындары арасында  коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды

күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24

қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38, 2021 жылғы 10 қыркүйегіндегі №42, 2021 жылғы 24 қыркүйегіндегі №44   қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГГСВ-24 қаулысына (бұдан әрі-ПГГСВ-24) келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) ПГГСВ-24-тің айқындаушы (кіріспе) бөлігіндегі «2021 жылғы 26 тамызындағы №37» сөзі «2021 жылғы 24 қыркүйегіндегі №44» деген сөзімен ауыстырылсын;

2) ПГГСВ-24-тің қосымшасындағы 20, 21, 22, 23, 26, 41, 46, 47,  50, 51 тармақтарына келесідей өзгерістер  енгізілсін:

 

Объектілер/ салалар Шектеу карантиндік шаралар «ASHYQ» жобасына қатысатын объектілер үшін  жұмыс режимі
20. Діни объектілер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  19 қосымшасының талаптары сақтай отырып, жұмыс күндері жабық үй- жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуге толтырылуы 20%-дан аспаған кезде рұқсат етіледі.
21. Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  20 және 21 қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00- ден 00.00-ге дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00- ден 02.00-ге дейін толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай.

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана сағат 07.00- ден 00.00 дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Ashyq» жобасы лидерлеріне сағат 07.00- ден 02.00 дейін толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай   жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

22. Жазғы алаңдар Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының  20 және 21 қосымшаларындағы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).  Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00- ден 00.00-ге дейін, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00- ден 02.00-ге дейін.

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана сағат 07.00- ден 00.00 дейін, «Ashyq» жобасы лидерлеріне сағат 07.00- ден 02.00 дейін жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

23. Асханалар типі бойынша алкогольдік ішімдіктерді сатпай қоғамдық тамақтану объектілері, ұйымдастырылған ұжымдардағы  асханаларды қоспағанда Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйегіндегі №38 қаулысының 20 және 21 қосымшаларының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері  сағат 07.00-ден 18.00-ге дейін, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда).   

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, садақа және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай.

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Ashyq» жобасы лидерлеріне толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай   жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

26. Банкет залдары (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер жұмыс күндері сағат 07.00- ден 00.00-ге дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Лидер» мәртебесі бар қатысушылар сағат 07.00- ден 02.00-ге дейін толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай.

Сенбі және жексенбі күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана сағат 07.00- ден 00.00 дейін толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай, «Ashyq» жобасы лидерлеріне сағат 07.00- ден 02.00 дейін толтырылуы 60%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай   жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

Тамақты жеткізу мен шығару штаттық режимде.

41. Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда)  «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 50%-дан асырмай жұмыс жасауына рұқсат етіледі.
46. Адамдар көп жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ, отбасылық, салтанатты, естелік, садақа және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізу тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.
47. Көрмелер тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда). «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 70%-дан асырмай, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.
50. Марафондар (ашық ауада) тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда). «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 500 адамнан аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.
51. Банкет залдары (садақа өткізу) тыйым салынады («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда) «Ashyq» жобасына қатысатын және «Лидер» мәртебесі бар объектілердің қызметкерлері мен келушілерінде «жасыл» мәртебесі (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) болған жағдайда ғана толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан  аспаған жағдайда жұмыс жасауына рұқсат етіледі.

 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің м.а.                                                Г. Даулетова

Басқа жаңалықтар

Back to top button