Пікір

Мәдениеті биік елдің мерейі үстем

Нәзира ТАБЫЛДИНОВА,

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы»

қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы барша қазақстандықтарға ерекше серпін беретіні сөзсіз. Маңызды бағдарламалардың жалғасы болып табылатын құжат мемлекет дамуының тың бағыттарын нақтылап, жаңа белестерін айқындай алды деп ойлаймын.

Жолдаудың түп негізі тұрақты мемлекет құра отырып, халықтың тұрмысын көтеруге бағытталып отыр. Осы орайда Қазақстан дамуының жаһанданудан қалмауын қамтамасыз ету  жайына Президент өз Жолдауында нақты тоқталып өтті. Оның ішінде, әсіресе мәдениет саласында еңбек етіп жүрген мамандардың әлеуметтік мәселелеріне ерекше ден қойылғаны — кәсіподақ үшін өте қуанарлық жағдай. Бұл барлық мәдениет қызметкерлеріне қызмет сапасын жақсарта түсуге негіз болмақ.

Жалпы, кәсіподақ  қарапайым адамдардың  құқығы мен мүдделерін қорғау мақсатындағы міндеттерді атқарады. Бұл ретте қызметкерлердің әлеуметтік саласын жаңғырту мен азаматтардың әл-ауқатын көтеру жағдаяттарының басты назарда ұсталуы, мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту туралы мәселе — қуана қолдарлық жайт.

Заманауи тиімді мемлекет құру үшін үлкен азаматтық жауапкершілік танытып, ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуіміз керек. Және осы тұста мәдениеті өскен мемлекеттің қашанда мерейі үстем, мәртебесі жоғары екендігін айтып өткен жөн. Бұл бағытта алдымызда тұрған көптеген міндеттерді атқаратындығымызға сенімім зор.

Басқа жаңалықтар

Back to top button