Пікір

Кітапханашылар қуанған күн

Назерке ЖӘЛЕЛОВА,

М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы

 Жолдауда келер жылдан бастап кітапханашылардың жалақысы өсетіні айтылды. Осыны естіп, қуанып қалдым.

Өзім 2019 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін кітапхана ісі мамандығы бойынша тәмамдадым. Қалалық орталық кітапханасында жас маманмын. Біздей жастар үшін кез келген қолдаудың маңызы зор. Нарық заманында жалақының өскені тіптен қуанышты хабар.

Кітапханашы мамандығы өзінің  қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңадан келген газет-журналдар, кітаптармен танысып, оқырмандарға соны табыстаймыз. Қағаз жұмыстарымыз қаншама?.. Осы орайда мемлекеттік деңгейде бізге де көңіл бөлініп, еңбекақымыздың көтерілетініне ризамыз. Еңбек осылай ескерілсе керемет қой.

«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын», — деп жазушы, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев айтқандай, қиындығы мен қызығы мол кітапханашы қызметкерлерге алдағы уақытта да демеу жасалса дейсің.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button