Ресми

1411 қызметі 1414 орталығының платформасына көшті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру қызметін үйлестіру жөніндегі орталық филиалы 1411 орталығының қызметі 1414 бірыңғай байланыс орталығының техникалық платформасына көшкендігін хабарлайды.

Осыған байланысты биыл 1 шілдеден бастап 1411 қысқа нөмірінің жұмыс істеуі тоқтатылды. Ендігі уақытта әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөнінде консультация алу үшін 1414 нөміріне хабарласып, «5» батырмасын таңдау қажет, сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы мәселелері жөнінде кеңес алу «1» батырмасын басу арқылы жүзеге асырылады, ал еңбек қатынастары және жұмыспен қамту жөніндегі қызмет «2» батырмасын басу арқылы көрсетілетін болады.

Бұл ретте ұсынылатын ақпараттық-консультациялық қызмет түрлері сақталды. Атап айтсақ, енді 1414 орталығынан зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру; әлеуметтік сақтандыру; көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы; атаулы әлеуметтік көмек; еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту; Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне кіретін өзге де мәелелер туралы білуге мүмкіндік бар.

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі қалалық бөлімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button