Жаңалықтар

Төрт той таратылды

Мониторингтік топ

Ақтөбеде мониторингтік топ күшейтілген режимде жұмыс жасап жатыр. Облыстық, қалалық әкімдіктің қызметкерлері мен полицейлер мейрамханалар мен өзге де кәсіпкерлік субъектілердің санитарлық талаптарды қаншалықты сақтап жатқандығын тексеріп жүр.

Әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлесе де, тұрғындар той жасауын тоқтатар емес. Жұма күні түс кезінде кезекті рейдке шыққан мониторингтік топ өкілдері «қызыл аймақта» тығылып той өткізіп жатқан 4 мейрамхананы анықтады. Қаладағы «Алаша», «Ханшайым», «Жанұя», «Хан Сарай» мейрамханаларында өтіп жатқан тойлар тарқатылды.

— Ақтөбе қаласы бойынша карантин талаптарының қаншалықты сақталып жатқандығын тексеру үшін 11 мобильді топ құрылды. Індеттің таралуын болдырмау мақсатында топ өкілдері бейсенбіден бастап жексенбіні қоса есептгенде күшейтілген режимде рейд өткізеді. Әр топтың өздеріне бекітілген мейрамханалары бар. Өткен аптада тығылып той ұйымдастырған 38 мейрамхананы анықтадық. Мейрамханаларға қатысты барлық іс-материалдарды өкілетті органдарға жібердік, — дейді мониторингтік топ мүшесі Серік Дәулетов.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button