Жаңалықтар

Брондау болмайды

Алдағы аптадан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарында міндетті брондау болмайды.

Оның орнына «Ashyq» жүйесіндегі мәртебені тексеру арқылы өткізу тәртібі сақталады.

Міндетті брондау санитарлық дәрігерлердің басты талабы болды. Бірақ мұндай жұмыс тәртібі келушілердің бәрін қабылдауға мүмкіндік бермеді. Ұзын-сонар кезек қалыптасты. Бір апта аралығында брондау үшін бос уақыт табу қиын. Бұл ретте электронды тәсілмен кезекке тұру мүмкіндігі бұрынғысынша қалады. Бұл жағдай қызмет алушылар үшін тиімді. Өйткені операторға ұзақ кезек күтпейді. Біз келушілердің саны өсетінін түсінеміз, сондықтан санитарлық қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауларыңызды сұраймыз. Санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» басқармасы төрағасы Ә.Қожықов.

Бұдан басқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы талондарды беру жүйесін «Ashyq» арқылы қосады.  Бұл келушілердің мәртебесін халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезек талондарын беру кезінде де тексеруге мүмкіндік береді. Терминалда келушілердің жеке сәйкестендіру нөмірін теру барысында ақпарат «Ashyq» жүйесіндегі деректермен сәйкестендіріледі, қауіпті мәртебе анықталса, бағдарлама талонды басып шығармайды.

С.ЕСЕНҚҰЛ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button