Жаңалықтар

Ұжымдық иммунитеттің қажетті кепілі

— Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 282 қызметкер бар. Бүгінде ұжымдағы 235 адам қауіпті індетке қарсы вакцина алды. Қалған 47 адам жүкті болуына және денсаулықтарына байланысты екпе алған жоқ.

— Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға мемлекет тарапынан бөлінген арнайы 2500 қобдиша таратып бердік. Оның ішінде антисептик, қызуды өлшейтін термометр, 100 бетперде және антибиотиктер бар.

Қазіргідей індет өршіп тұрған уақытта ұжымдық иммунитет қалыптастырып, санитарлық қауіпсіздікті сақтауға бейжай қарауға болмайды. Біздің мамандар барлық санитарлық талапты сақтай отырып, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсетіп келеді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Ashyq» жобасына қосылдық. Бүгінде азаматтарға мемлекеттік қызметтің 21  түрін көрсетеміз. Барлық қызметтерді өзі-өзіне қызмет көрсету аймағы арқылы жүргіземіз, қажет кезде кеңесшілер көмектесуге дайын.

Біздің қызметкерлер тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасайды, сондықтан вакцина алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жауапкершілікпен қарадық.

Мақпал ТҰРМАҒАМБЕТОВА,

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button