Жаңалықтар

Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ  БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

20.08.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды

күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысының 5. тармағы келесідей редакцияда жазылсын:

«5. Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына:

1) COVID-19 күдігі бар адамдарды уақытылы анықтау және оқшаулау үшін барлық денсаулық сақтау объектілерінде сүзгілердің, пациенттердің бүкіл ағынының дене температурасын өлшеуге арналған тепловизорлары бар шлюздердің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;

2) бейінді мамандардың науқастарды қабылдау кезінде кезектердің туындауына жол бермеу,  екпе алу, клиникалық-диагностикалық зерттеулерден өту үшін (шұғыл жағдайлардан басқа пациенттерді алдын ала жазылу бойынша қабылдау), медициналық ұйым басшысының бұйрығымен медициналық ұйымның әрбір қабатында профилактикалық іс – шараларды бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді айқындау, персонал мен пациенттердің лас аймақтан таза аймаққа ауысуын болдырмау;

3) пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіні бойынша бөлек бөлу, стационарлардың аймақтарға бөлінуі мен жұмыс режимін қатаң сақтау, медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау;

4) меншік түріне қарамастан стационарларда карантинді сақтауды жалғастыру.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                          Н. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button