Білім

Жылдам оқудың жүйріктері

Сайыс

2021 жыл — Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы.

Осыған орай кітап оқу үрдісін жаңғырту бағытында кітапханаларда көптеген жұмыстар жүргізіліп, түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

Жуырда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының  оқырмандары С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебеп кітапханасы ұйымдастырған «Тез оқуды үйретеміз» республикалық жылдам оқу сайысына қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Сайыс Zoom платформасы арқылы өтті. Қатысушылар мәтінді түсініп жылдам және мәнерлеп оқу талабы бойынша бағаланды. Әр қатысушыға оқыған мәтіні бойынша екі сұрақтан қойылды.

Ең жоғары нәтижені кітапхананың белсенді оқырманы, №52 жалпы білім беретін орта мектептің 4-сынып оқушысы  Ақнұр Кәдірғалиева көрсетті. Ақнұр бір минутта 152 сөз оқып, оқыған мәтіні бойынша қойылған екі сұраққа толық жауап берді.

«Тез оқуды үйреніңіз» республикалық жылдам оқу сайысының қорытындысы бойынша Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының оқырмандары Ақнұр Кәдірғалиева  1-орын, Ақнұр Ибрашова  2-орын, Гүлназ Мұхан  3-орынды иеленді. Ал Ақсезім Ұзаққалиева, Сая Даниярова,  Наргиза Алмұратова сайысқа белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапатталды.

Кітап оқитын бала бүгін  – табысты оқушы, ал ертең – қалыптасқан тұлға. Сол себепті балаға сыйлай алатын тамаша сый — олардың кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру.

Эльмира КАШКЕНОВА,  

Н.Байғанин атындағы

облыстық балалар кітапханасы.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button