Жастар

Үздіктердің үлесі

Былтыр Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы облыс бойынша

 «Үздік жастар ресурстық орталығы» номинациясы бойынша марапатталған болатын.

Волонтерлер жылы аясында  бірқатар жастар облыс әкімінің «Үздік волонтер» төсбелгісін иеленгені де мәлім.

Орталық басшысы Жанна Әбденованың айтуынша, бүгінде ауданда 14-29 жас аралығындағы 9552 жас бар. 30 волонтерлік топ жұмыс атқаруда. Оның 18-і аудан орталығында болса, қалғаны — ауылдық округтерде.

— Аудандық  жастар  ресурстық  орталығы 2013 жылы құрылды. Мекемеге  2019 жылы  жаңа ғимарат берілді. Бұл ғимараттың ішінде жастарға барлық мүмкіндіктер жасалған. Атап айтсақ , коворкинг орталығы, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша  қайтарымсыз грантқа қол жеткізген жастардың «Сән» салоны, «Қыз жасауы», «Фотостудия» және «Жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету» кабинеттері ашылды.

Жастар арасында  кәсіп ашуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын артып келеді. Мәселен, «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша 39 жас кәсіп бастап, 17 жас қайтарымсыз грант ұтып алды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Zhas Project» жобасы аясында ауданнан 17 жоба иесі 1 миллион теңге қайтарымсыз грантты жеңіп алды. Қазіргі таңда грант иегерлері тұрақты түрде кәсіптерін жүргізіп келеді, — дейді Жанна Әбденова.

Сонымен қатар Қарағандыдағы «ЭКООРТАЛЫҚ» қоғамдық бірлестігі БҰҰ Даму бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант  ұйымдастырған. Нәтижесінде 6 жас жеңімпаз атанып, 12 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Сондай-ақ ауданда ерікті жастар арасынан «Жас сақшы» тобы құрылды. Қазіргі таңда құрамында 20 жас бар.

Былтыр облыстағы «Үздік жастар ресурстық орталығы» атанған мекеме оған дейін 2017 жылы да осындай номинациямен марапатталған болатын.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button