Әдебиет

Сенің көзің

Талғат Тілеулесов

Сенің көзің – жанып тұрған шырақтай,

Сенің көзің – мөлдір таза бұлақтай.

Сенің көзің – бар әлемге нұр шашып,

Сенің көзің – жұпар иіс жұмақтай.

 

Сенің көзің – тұнып тұрған мейірім,

Сенің көзің – тартып тұрған иірім.

Сенің көзің – жанға шуақ сыйлаған,

Сенің көзің – менің аппақ пейілім.

 

Сенің көзің – ғашық қылды өмірге,

Сенің көзің – ұя салды көңілге.

Сенің көзің – түн ұйқымды ұрлады,

Сенің көзің – жүрегімнің төрінде.

 

Сенің көзің – өміріме гүл екті,

Сенің көзің – мені қайта түлетті.

Сенің көзің – ессіз ғашық етті ғой,

Сенің көзің – жаулап алды жүректі.

 

Сенің көзің – жаңа туған құралай,

Сенің көзің – кеш батқанда туған –Ай.

Сенің көзің – ақын қылып жіберді,

Сені енді қалай тұрам жырламай?

 

 

Көңіл шіркін қартаймайды екен ғой

 

Маған тыным бермей жүрген бұл кім, әй?…
Көз – ұйқыда, ояу жатыр жүрегім.
Жас ұлғайып қалғанымен шіркін-ай,
Өткен күннен үзбейді екен күдерін.

 

Әрең сонда жетіп едім бата алмай,
Көңілімнің шертіп ішкі күйін де.
«Сүйем» деген сөзге жауап қаталмай,
Тым асығыс кіріп кеттің үйіңе.

 

Даусы шықты аржағынан шешеңнің,
Байлады ма сонан сенің бағыңды.
Сәтсіз болды тағдырымды шешер күн,
Есігің де мәңгілікке жабылды.

 

Бір көруге зар боп қалып өзіңді,
Талай тұрдым терезеңнің түбінде.
Ести алмай жауап берер сөзіңді,
Жеткен дағы күйім бар-ау бүгінге.

 

Басқан жанмын жанның ыстық алауын,
Сен де енді өткенді ойлап күрсінбе.
Сол сұрақтың айтайын деп жауабын,
Соңғы жылдар түске кіріп жүрсің бе?

 

Айтпасаң да іштей бәрін түсінгем,
Айтқаныңмен енді бәрі бекер ғой.
Сонау жылды еске қайта түсірген,
Көңіл шіркін қартаймайды екен ғой.

 

 

Біздің ауыл

 

Туған жерім – Қаратерең ауылы,

Жазы құрғақ, күзде қатты жауыны.

Байқоңырдан ұшқан кезде протон,

Бірнеше күн ұйытқиды дауылы.

 

Нөсерімен келген кезде көктемі,

Жасыл кілем жамылады бөктері.

Мамыражаймамырайысоңында

Сары түскебояладышөптері.

 

Біздің ауыл бәріне де көнеді,

Той думанда айтылады өлеңі.

Тымық күнде көтеріліп жел тұрса,

Көкке ұшқан космостан көреді.

 

Бір кездері тартылғанда Аралы,

Көк теңіздің тұз боп ұшты табаны.

Көкірегі шерге толып талай жан

Амалсыздан мекен етті қаланы.

 

Сол жандардың мен де қазір бірімін,

Туған елдің үміт күткен ұлымын.

Арман қуып ауылымнан кеткелі,

Тас қалада өтіп жатыр ғұмырым.

 

Өсіп тұрған қызықпайды баққа кім?

Бір сырымды ішке мәңгі сақтадым.

Алтын тәжін ұсынса да бар әлем,

Атамекен, сененартықтаппадым.

 

Күйкешетінкездерім бар шерменде,

Не болареңұлыкөшкеергенде.

Айналайын, алтын бесік, туған ел,

Ризамынкөшпейқалғансендерге.

 

 

 

***

 

Сол кеткеннен мен де сені көрмедім,

Ұмыттырды уақыт.

Кетеріңде «өлем» дегем, өлмедім,

Ақ таңым да тұр атып.

 

Көңілімнің күйін шертіп панасыз,

Баққа жалғыз беттедім.

Жанарымен жалт еткенде қара қыз,

Еске түсті өткенім…

 

Көңілімнің баса алмай бір елеңін,

Толқып кеттім неше мен.

Сені көріп қалам ба деп келемін,

Сол баяғы көшеден.

 

Көңіліңе салмап едім қаяу-мұң,

Тағдырыңа көнесің.

Сол бір күннің сағынышын, аяулым,

Сүйіп келем елесін.

 

 

****

Бір сағыныш көремін күзден күрең,
Күз секілді қашыпты бізден ірең .
Көңілімнің күпті бір күйін шертіп,
Қыр астынан өзімді іздеп жүрем.

Қадірін білмеген кез ештеңенің,
Басымнан талай соқпақ кешкен ермін.
Оңашада отырам ойға батып,
Жұртында қалған жандай көшкен елдің.

Еске алып сону бір шақтарымды,
Аралаймын балалық бақтарымды.
Ақ қағаздың бетіне түсіремін,
Жүрегімде сақталған хаттарымды.

Өкінемін несіне мұңға батып,
Өте берсін өмірім зырлап ағып.
Бір кездері өрмелеп шығып алған,
Таудан төмен шанадай сырғанадық.

Желігін де басыпты көңіл дөнен,
Құстай ұшқан жан едім көгімде мен.
Бейуақта ағып түсер жұлдыздардай,
Білінбей өтіп жатыр өмір деген…

 

КІТАП

Сенің ашылған парақтарыңда

Күллі әлемді тамсандырған,

Құшақ жайып қарсы алдырған,

Ақындардың жыры бар.

Сағынысып бірін-бірі іздеген,

Үміттерін бір сәтке де үзбеген,

Ғашықтардың сыры бар.

Қилы-қилы заман көрген,

Шүкір етіп, аман өрген,

Тағдырлардың үні бар.

Тірлігінен тосын қалған,

Бірге жүріп қосылмаған,

Өкініштің мұңы бар.

Қалмай өмір шаңдағына,

Қол жеткізген арманына,

Асыл жандар жолы бар.

Құс сайрамас бақтарында,

Құлап жатқан батпағына,

Бақытсыздар соры бар.

Жамандыққа бармаймын  деп,

Неге от боп жанбаймын деп,

Намысымды жігеріме жаныдым.

Бұл өмірдің мәні барын,

Атар ғажап таңы барын,

Сені оқып, мен өзімді таныдым.

 

 

 

Ақтөбем

 

Кең байтақ жерімде,

Құт қонған бақ мекен.

Болдың ба елімде,

Ол менің – Ақтөбем.

 

Ақтөбем мақтаным,

Мөп-мөлдір аспаным.

Арала бақтарын,

Аяулы достарым.

 

Көзіңмен көріңіз,

Қайтасың тамсанып.

Достарым келіңіз,

Шырқайық ән салып.

 

Ақ пейіл халқы бар,

Бар жанныңарманы.

Жұлдыздай жарқырар,

Көшеніңшамдары.

 

Досым-ау,тосылмай,

Көзсалыпқарашы.

Ақтөбемосындай,

Жастардың қаласы.

 

 

Сынақ

 

Бір көріпкел естіп едім кісіден,

Аян беріп, айтылыпты түсінен.

Көп адамдар күлді оның сөзіне,

Сол бір жайды еске қайта түсірем.

 

«Жер бетіне індет тарап Құдайдан,

Оны сендер көресіңдер Қытайдан.

Оның емін таба алмайды ғалымдар,

Ел дағдарып күйге түсер пұшайман.

 

Бұл – Алладан сынақ еді себебі,

Құран кәрім кітапта бар дегені.

Жаратқанын ұмытқанда пенделер,

Жер бетіне түрлі ауру береді.

 

Айыға алмай жасалынған емнен де,

Адам байғұс күн кешеді шерменде.

Алла өзі береді екен шипасын,

Пенделері тәубасына келгенде».

 

Сонан кейін ел жақсарат деседі,

Осы бір сөз елде желдей еседі.

«Ақырзаман белгісі» деп айтады,

Шығып жатқан бұл індетті кешегі.

 

Көңіл мынау тұрғанымен алаң боп,

Бірақ оған құлақ асқан адам жоқ.

Жаратқаным, жар бола көр еліме,

Көнгенімнен басқа менің шарам жоқ.

 

 

 

 

Ақынмен қоштасу

 

(Амантай Өтегеновке)

 

Шығарып салдық ақынды,

Қоштасып ақтық сапарға.

Өлімге қимай атыңды,

Халық тұр мұңылы қатарда.

 

Құрметтеп елі сыйлаған,

Дүр ақын жатты табытта.

Дүния-ай, саған сыймаған,

Сыйып тұр қалай қалыпқа.

 

Жарқырап тұрған жаны күн,

Жүретін бірге қол алып.

Үн-түнсіз жатыр ақыным,

Ақ жібек мата оранып.

 

Сан ойлар булап көзімді,

Жүректің кілтін қозғап тұр.

Өлімге қимай өзіңді,

Ботадай көңіл боздап тұр.

 

Ақын ең адал жаны пәк,

Періште сынды көктегі.

Жігіттер жерден алып ап,

Қабірге қарай беттеді.

 

Кеше гөр, ақын бауырым,

Менен бір кетсе ағаттық.

Білемін қайға ауырын,

Мекенің болғай жаннаттық.

 

 

Ауылға барсам

 

Ауылға барсам достарым

Айтады маған өкпесін.

«Өткіздік елде босқа күн,

Сен болсаң ерте кеткенсің.

 

Қалада жүрсің әндетіп,

Кезесің таза көшені.

Ауылдан мынау сән кетіп,

Боқ басып жүрміз», – деседі.

 

Отырам үнсіз мұң кешіп,

Оралып сонау кезге мен.

Сағынышыммен тілдесіп,

Жеткізе алмай сөзбенен.

 

Куәсің маған көк пен бел,

Балалық бақыт сыйлаған.

Қызықты думан өткен жер,

Сен жайлы ойлап қиналам.

 

Жан сарайымды ашамын,

Ақтарып саған бүкпей сыр.

Мауқымды менің басатын,

Бір жұтым ауаң жетпей тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button