Басты жаңалықтар

Сенаторлар шалғай ауыл тұрғындарымен кездеседі

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин​ Парламент Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиевпен және Бауыржан Қаниевпен​ кездесті.

Кездесу кезінде​ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы​ талқыланып, мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін жүзеге асыруға баса назар аударылды. Депутаттар сапар барысында  өңірдегі​ шалғай ауылдардың, атап айтар болсақ,Шалқар және Ырғыз аудандарының​ халқымен​ кездеседі деп жоспарланып отыр.​

Сенаторлар түсіндіру жұмыстарынан бөлек, халықты толғандыратын өзекті мәселелермен, азаматтардың әл-ауқатын жақсартатын және тұрмыс сапасын көтеруге бағытталған​ мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен таныспақ.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button