Жаңалықтар

Ұлылар ұлағаты —  ұрпаққа аманат

 Ақтөбедегі қоғамдық көліктерге ұлы тұлғалардың нақыл сөздері жазылған парақшалар ілініп жатыр. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы бұл бастама қоғамның ұлттық таным-түсінігінің кеңеюіне ықпал ететінін айтады.

Басқарманың ұйымдастыруымен «Ұлылар ұлағаты — ұрпаққа аманат» акциясы бастау алды. Акцияның бірінші күнінде «Автопарк» пен «ПАТП-ның» 20-дан астам автобусына нақыл сөздер жазылған парақшалар ілінді. Акцияға облыстық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері, тіл жанашырлары және жастарқатысты.

— Кез келген қоғамның өзегі — оның руханиятында.Бұл шараның негізгі мақсаты — қоғамдық көліктегі жолаушылар арасында ұлы адамдардың нақыл сөздері арқылы азаматтық пен патриотизмді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, ана тіліне деген құрметті, тарихты дәріптеу.  Қаладағы автобустарға ілуге жалпы саны 700-дей нақыл сөздер жазылған парақша дайындалды. Акция әлі де жалғасып жатыр. Ерікті жастар мен тіл жанашырлары күнде кешкі уақытта автобус тұрақтарына барып іліп жүр, — дейді облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманыМалика Мырза.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button