ПікірӘкімдер сайлауы

Игілікті істерден үміттіміз

Үмбетқан СӘРСЕМБИН,

философия ғылымдарының кандидаты.

Елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып отырған саяси реформалардың бірі деп есептейміз. Қазіргі уақыт жағдайында әлемде болып жатқан өзгерістер біздің де мемлекетіміздің алдына үлкен міндеттерді жүктеп отыр. Яғни ғылымды дамытып, ауылшаруашылық саласын күшейту керек. Бұның барлығы экономикаға, елдің дамуына тікелей қатысты. Ал осы жаңа міндеттерді іске асыруда халық түгелдей ортақ мақсаттарға жұмылуға тиіс. Ауылды көркейтіп дамыту үшін ауыл шаруашылығын ілгерілету қажет. Ол үшін қажетті мамандарды ауылға тарту керек.

Ендігі жерде ауыл балаларының уақыт талабына сай білім алуын жетілдірген жөн. Мемлекет тарапынан қолға алынып, жүзеге асырылып отырған бағдарламаларды халық пайдалануы керек. Бұны үйлестіретін, халық пен мемлекеттің арасында байланысты нығайтатын — әкімдер, ауыл әкімдері.  Сондықтан да бұл сайлаудың маңызын қоғам түсінеді деп есептеймін.

Бәсекеге қабілетті, тәжірибесі мол, ауылға жаңа дүниелерді енгізетін жаңашыл, жердің тазалығын, халықтың шаруашылықпен айналысуын реттейтін ауыл басшысын сайлау — тұрғындардың өз қолында. Өткен демалыста тұрғындар өз таңдауларын жасады. Ауылдардың әрмен қарай көркеюі халықтың саяси мәдениеті мен шынайы таңдауының көрінісі болмақ. Жаңадан сайланған әкімдерге сәттілік тілей отырып, тек игілікті істерден үміттіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button