ПікірӘкімдер сайлауы

Таңдауға жағдай жасалды

Ақлима ХАМИТОВА,

С.Бәйішев университетінің

3 курс студенті.

Сайлау мен үшін серпіліс, өзгерістер мен тың бастамалардың, жаңа қадамдардың науқаны. Сайлауға осымен екінші рет қатысып отырмын.  Туған ауылымның болашағы үшін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мұндай елеулі оқиғалардан қалыс қалмаймын. Жазғы демалыста «Жасыл ел» жасағында жұмыс істеп, өз ауылымның тазалығына үлес қосып жүргенімді мақтан етемін. Ауыл әкімін сайлауға бізге де мүмкіндік туды. Оның алдында үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларымен танысып шықтым. Біздің округтен 3 үміткер болды. Барлығының да алдағы уақытта жасайтын жұмыстары, ойға алған жоспарлары көңілге қонымды. Өзім таңдаған адамға дауыс бердім. Сайлау учаскесіне барғанымда дауыс берушілерге өз әкімін таңдауына жақсы жағдай жасалғанын көрдім. Бұл еркін әрі ашық сайлау болды. Ауылдастарыммен бірге  сайлау күні дауыс беріп, өз таңдауымды жасауым, ауылымның көркеюіне қосқан үлесім деп білемін.

Ойыл ауданы, Көптоғай ауылы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button