Жаңалықтар

Шектеу шараларын бұзатындар көбейіп барады

Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша анықталған бұзушылықтарға 35 397 795 теңге көлемінде 268 айыппұл салынды. Оның ішінде Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама бойынша жоспардан тыс 49 объектіге тексеру жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша  49 объектіге 6 879 105 теңге көлемінде айыппұл салынды, 49 ұйғарым берілді. Оның ішінде ұйғарым орындалмағандығы жөнінде ҚР ӘҚБтК 462/3- бабымен 3 объектіге хаттама толтырылып,  қарау үшін сотқа жіберілді («Оскар» караоке клубы, «Grand house» бары және «Лото клуб»).

Анықталған бұзушылықтардың қатарында мейрамханалар, кальян, караоке, лото, бильярд клубтары, моншалар мен сауналар, тағы басқа нысандар бар. Олар: «Душа»  «Старс» караоке клубы, «Пинта» бары, «Мандарин» кафесі, «Борокко» караоке клубы, «Алтын», «Асылжан» мейрамханалары, «V12» караоке клубы, «Лига чемпионов» плейстейшн клубы, «Мята» кальян клубы, «Эльфан» пабы, «До зари» караоке клубы, «Барбекю», «Grand house» кафелері, «Оскар» караоке бары, «Юрта» мейрамханасы, «Империал» караоке бары және т.б.

Ақтөбе облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің биылғы 30 маусым күнгі №24 қаулысына сәйкес сауда үйлері мен сауда желілері, базарлар жұмыс күндері жұмыс жасауына рұқсат етіліп, сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауларына тыйым салынған болатын. Түскен материалдарға сәйкес, қалалық  санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы  «Фирма Жандос и К» ЖШС-на қарасты «Достық», «Мечта КЗ», «Береке», «Астана» сауда үйлеріне (2 рет, жалпы  670 910 теңге көлемінде), «Быткомлект» ЖШС-на қарасты «Мерей» сауда үйіне (2 рет, жалпы  670910 теңге көлемінде),  «Ақмаржан» ЖШС-на қарасты «Мега Шығыс» сауда үйіне (3 рет, жалпы 1006365 теңге көлемінде) ҚР «Әкімшіліктің  құқықбұзушылығы туралы» кодексінің 425-бабының 1-тармағы бойынша  заңды тұлғаларға жалпы  2 348 185 теңге көлемінде  айыппұл салынды. Сонымен қатар бұзушылықты жою жөнінде ұйғарымдар берілді.

Ақтөбе қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button