Жаңалықтар

Алаяқтардан сақ болыңыздар!

Елімізде алаяқтық әрекеттердің жиілеп кетуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің клиенттерге қоңырау шалмайтынын және қарыздарын өтеуді немесе төлқұжат деректерін тексеруді сұрамайтынын ескертеді.

Мемлекеттік корпорация қызметкерлері, сондай-ақ борышкерлердің деректер базасын көрмейтінін, азаматтардың банк шоттарын бұғаттай алмайтынын және шетелге шығуға тыйым сала алмайтынын хабарлайды. Клиенттермен барлық қарым-қатынас тек 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.

Халыққа қызмет көрсету орталығы SMS-хабарлама арқылы клиенттерге брондау уақыты, құжаттардың қолданыс мерзімінің аяқталуы, мемлекеттік қызметтер бойынша берген өтініштерінің нәтижесі туралы ғана хабарлайды.

Біз облыс тұрғындарын қырағылық танытуды және бөгде адамдарға өздерінің төлқұжаты туралы деректерді немесе цифрлық қолтаңбаларды бермеуді сұраймыз. Себебі сіздің жеке кабинетіңізге кіріп, алаяқтар сіз туралы ақпаратты өз пайдасына пайдалануы мүмкін. Сақ болыңыздар!

 Сәуле Хамидолла,

«Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облысы бойынша

филиалының ресми өкілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button