Жаңалықтар

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

 23.07.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Ақтөбе облысының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7- тармақтарын және Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулыларын басшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына (бұдан әрі-Қаулы) келесідей өзгеріс енгізілсін:

1) Қаулы қосымшасының 16 бағаны келесідей редакцияда жазылсын:

16. Қоғамдық көлік Қазақстан Республикасының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 15-қосымшасының талаптарын сақтай отырып, жұмыс және сенбі күндері жұмыс істеуге рұқсат етіледі, кептеліс уақытында қоғамдық көліктің желіге барынша көп шығуы, отыратын орындардың саны бойынша қоғамдық көліктің толтырылуы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларға қол жетімді жерлерде антисептигі бар санитайзерлерді орнату, жолаушылардың, жүргізушілердің және кондукторлардың бетперделерін міндетті түрде киюі, жексенбі күні жұмыс істеуіне тыйым салынады (қоғамдық көліктерге дезинфекциялық өңдеу жүргізу үшін).

Қызметі үздіксіз жұмыс циклімен байланысты объектілердің басшылары қызметкерлерді тасымалдауды ұйымдастыруы тиіс.

 

 

2 .Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері

Н.Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button